
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«Кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы № 250 бұйрығы, ( бұдан әрі- Бұйрық) Электронды форматта 2017 жылдың 3 ақпанында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жарияланды. Сәйкесінше, Бұйрық биылғы жылдың 14 ақпанынан бастап күшіне енді.
Енгізілген өзгерістермен кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері санының атауы 17-ден 7-ге қысқарады:
ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;
планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана.
Аталмаған тауарлар жеке тұлғаға жалпы бажсыз норма шеңберінде әкелінеді: жер бетіндегі көлікпен – 50 кг., 1500 еуро, әуе көлігімен – 50 кг., 10 000 еуро.
Кедендік шекара арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі баяғыдай қалды - айына 1 (бip) реттен аспаса, олар асқан кезде тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
Бұл ретте, бұйрықтың ережелері тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерімен өткізілетін және жеке тұлғаның атына тасымалдаушы жеткізетін (экспресс-жүктер) тауарлардың бажсыз әкелу нормаларын реттемейді.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың нормалары тек тауардың мәртебесі бойынша мәселелер туындаған жағдайда қолданатындығын ерекше белгілеу қажет.
Кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері санының қысқаруы азаматтардың кедендік шекараны өту тәртібін либерализацияуға және кедендік бақылауды жүргізу уақытын тездетуге бағытталады.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)