Date of publication: 30.04.2015 17:24
Date of changing: 30.04.2015 17:26
защита интеллектуальной собственности

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

30.04.2015ж.

Баспасөз релизі

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі-Комитет) «Кедендік рәсімдерді оңайлату: Зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Зияткерлік меншік объектілерін сақтау және қорғау Комитеттің қызметінде маңызды бағыттарының бірі болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 56-тарауымен, сондай-ақ Кеден одағының Кеден кодексінің 46-тарауымен  реттеледі.

Қазіргі уақытта зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау бойынша шаралар көбінесе құқық иеленушілердің өтініштері бойынша зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі негізінде қабылданады.

Бұл ретте танымал тауар белгілерінің көпшілігі ҚР ҚМ МКК ЗМО кедендік тізіліміне енгізілген және олар бойынша зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдануда.

2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне 1471 тауардың атауы бойынша 329 тауар белгілері (100 құқық иеленуші) енгізілген.

         2014 жыл ішінде аумақтық бөлімшелер жалпы құны 35 млн. АҚШ долларынан асатын зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар 523 тауарға арналған декларация бойынша тауарлардың шығаруын тоқтатты, 2015 жылғы 1-тоқсан ішінде жалпы құны 2,6 млн. АҚШ долларынан асатын зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар 93 тауарға арналған декларация бойынша тауарлардың шығаруын тоқтатты.

         Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысымен «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.

Қазақстан Республикасы тауар белгілеріне ерекше құқықты толық қолданудың өңірлік (ұлттық) қағидаты енгізілді, оның негізінде тауар белгісімен белгіленген кез келген тауар белгілерін немесе тауарды құқық иеленушінің рұқсатынсыз пайдалану (оның ішінде әкелу) зияткерлік меншік құқығын бұзу деп қарастырылады («параллелді импорт» деп аталатын шектеу).

Өңірлік (ұлттық) қағидаты құқығын толық қолдану мәселесі 2014-2015 жылдары Үкімет отырыстарында, Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кеңес (ИАЖК) отырыстарында, ҰКП алаңдарында және ЕЭК-тың Қазақстанның бизнес қоғамдастығы өкілдерімен   ұйымдастырылған кеңестерде бірнеше рет көтерілген болатын.

Сонымен бірге, ерекше құқықты толық қолдану қағидатын өзгерту бойынша шешім (өңірлікті халықаралыққа ауыстыру немесе халықарылықты жеке қолданыстан қалдыруды енгізу) қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің жанындағы Жұмыс тобында қаралуда.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі