БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18 наурызда сағат 12:00-ден бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы:
- 2025 жылғы 19 наурызынан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2025 жылғы 19 наурызынан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.
ЭШФ АЖ-ның қол жетімділігі туралы қосымша хабарланатын болады.