Date of publication: 08.04.2026 15:06
Date of changing: 08.04.2026 15:19

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 8-сәуірден бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:

  1. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация (860.00 – СЕН);
  2. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 – СЕН);
  3. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 – СЕН).

2026 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінен және салалық заңнамадан жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша 860.00 СЕН куәландыру бойынша талаптар алынып тасталғанына назар аударамыз.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары cондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

 

Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.