Date of publication: 09.04.2026 10:52
Date of changing: 09.04.2026 10:55

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 9-сәуірден бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:

  1. Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.03 – СЕН);
  2. Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация (880.00 – СЕН).

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары cондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

 

Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.