Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарының (ТІЖ) және электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) нысандары жаңартылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, ERP жүйелерін пайдаланушыларға конфигурациялар мен интеграциялау тетіктерінің өзекті жаңартуларын орнатуды ұсынамыз.Web-портал пайдаланушыларына браузердің кэші мен қаралу тарихын тазалап, содан кейін ЭШФ АЖ-ға қайта кіруді ұсынамыз.
Аталған ұсынымдарды орындау жаңартылған нысандармен дұрыс әрі тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




























