
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
20.05.2015ж.
Баспасөз релизі
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі - Комитет) «Көлеңкелі айналымды азайту: Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша қолданатын шаралар» тақырыбында брифинг өтті.
Көлеңкелі экономика айналымын төмендету мақсатында қылмыстық құқық шеңберінде тек жазалау шаралары ғана емес, сонымен бірге жалған кәсіпкерлікпен байланысты құқық бұзушылықтар жасаудың, капиталды шекарадан тыс шығарудың, салық пен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың, экономикалық контрабанданың, мұнай мен мұнай өнімдерінің, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының, заңсыз ойын бизнесі мен жалған ақша жасаудың алдын алуға бағытталған нормативтік-құқықтық механизмдерді жетілдіру, сондай-ақ мұндай қылмыстарды профилактикалауға да қажет.
Мәселен, Республика бойынша ағымдағы жылғы үш ай ішінде ғана көлеңкелі экономика саласында 1311 қылмыс жасалған, оның ішінде:
Жалған кәсіпкерлік - 306 қылмыс;
Салық төлеуден жалтару – 147 қылмыс;
Экономикалық контрабанда – 96 қылмыс;
Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз сақтау – 25 қылмыс;
Алкоголь өнімінің заңсыз айналымы – 72 қылмыс;
Заңсыз ойын бизнесі – 85 қылмыс;
Жалған ақша жасаушылық – 580 қылмыс.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күресте көлеңкелі экономиканың негізі болып табылатын жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл мәселелері ерекше орын алады. Атап айтқанда «қолма-қол ақшаны айналдыру фирмалары» арқылы қылмыстық кірістерді жария ету жүргізіледі, ақша қаражатын ұрлау және салық төлеуден жалтару жасалады.
Осыған байланысты, Комитетпен төлемдерді қолма-қол тәртібінде жүзеге асыруға, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін банк шоттарынан ақшаны қолма-қол алуға лимит белгілеуге (жеке тұлғалар үшін – қолма-қол алынған жалпы сомасы айына 3 мың АЕК-тен; заңды тұлғалар үшін – айына 10 мың АЕК-тен аспауы тиіс) шектеулерді енгізу мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық шаралар енгізілді.
Осы шектеулерді енгізу ақша құралдарын көлеңкелі айналымға шығаруға жол бермейді, сондай-ақ салықтық қылмыстарды арттыруға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, себебі пара беру және бюджет қаражатын ұрлау үшін негіз үзілетін болады.
Сонымен қатар, маңызды мәселелердің бірі салық төлеуден жалтару мәселесі болып табылады.
Осы саладағы қызметтік істерді тергеу практикасы, салық төлеушілердің мұндай әрекеттері көбіне салық заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасауға ниеттері болмағанын, және заңның ережелерін дұрыс қолданбауы, әдейі жасалмаған арифметикалық қателер және қасақана белгілері жоқ басқа да мән-жайлардың салдары екенін көрсетті.
Комитет, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы жұмыс тобының шеңберінде ҚР ҚК 245-бабын ескертпемен толықтыру және оны мынадай редакцияда жазу мүмкіндігін қарастыруда:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бересі сомаларын, есептелген өсімпұлдарды, айыппұл сомаларын өз еркімен төлеген тұлға осы баптың бірінші бөлігі бойынша, егер оның әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
МКК заңнамалық және профилактикалық сипаттағы ұйымдастыру-практикалық шараларын тұрақты қабылдайтынына қарамастан, көлеңкелі экономиканың көріністеріне қарсы күресте елеулі жұмыс жүргізуге тура келеді.
Ол үшін Комитеттің ЭТҚ-да тиісті мүмкіндіктер бар. Бұл қылмыстық-процестік заңнамамен көзделген құқық және білікті кадрлық аппарат.
Сонымен бірге, кірістерді көлеңкеден шығару проблемасын жою үшін барлық қоғамның күшін біріктіру, қазақстандықтарды көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік рухына тәрбиелеу қажет.
Бұл ретте, экономиканы ырықтандыруға және кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға бағытталған нормативтік-құқықтық механизмдерді тұрақты жетілдіру қажет.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі