Date of publication: 01.06.2015 15:58
Date of changing: 01.06.2015 16:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

01.06.2015ж.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан -2050» «Стратегиясында:  орныққан  мемлекеттің  жаңа саяси бағытын» белгілеп айтты,  Қазақстанның қазіргі кезеңінде – экономиканы нығайтудағы жаңа мақсаттар, халықтың әл-ауқатын жоғарлату, қазақстандық қоғамды жаңартудың жаңа кезеңдік стратегиясының приоритеттерін анықтау. Жаңа мақсаттардың орындалуына ақпараттық қоғамға арналған шарттардың орындалуын болжайтын «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бағытталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Орал  қалаларының аймақтық деңгейінде «Мемлекеттік басқаруда ақпараттық технология» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарын өткізуде.

Дәрісшілер ретінде ақпараттық жүйелер және техналогия  облысынан еліміздің алдыңғы оқу мекемелерінің оқытушылары шақырылған.

Курс жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратының және аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары қатысады.

Курстың өткізілу мақсаты МКК кызметкерлерін мәтіндік құжаттармен жұмыс өткізу, қолданбалы бағдарламаларды қолдану сұрақтарымен теориялық және практикалық білімділігін арттыру.

Курс барысында қатысушыларға Microsoft Office пайдалы мүмкіншіліктерін қолдану бойынша кәсіби білімдерінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Семинарды ұйымдастырушылар практикалық тренингтер өткізу барысында материалды тиімді ұғыну үшін брошюралар дайындалды.

Біліктілікті арттыру курсының қорытындысы бойынша қатысушылармен тестілеу және сауалнама жүргізіледі, сонымен қатар біліктілігін арттыру курсын бітіруі туралы куәлік беріледі.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі