ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет қызметкерлерін үш жылда бір реттен сирек емес біліктілігін арттыру - ұдайы оқыту жүйесін заңнамалық бекіту туралы ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы академиясы» АҚ-мен бірлесіп «СОХҚ-ға сәйкес бухгалтерлік есеп. Азаматтық құқық. Салықтар және салық салу» тақырыбында ағымдағы жылдың маусым – қазан айларында Астана қаласында біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Осы курстар Президенттің халыққа ұсынған стратегиялық міндеттерін іске асыруға мақсатталған. Осы іс-шараны өткізу ҚР ҚМ МКК Төрағасымен 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 131 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарымен көзделген.
Курстарды өткізудің өзектілігімен бюджеттік, азаматтық, салықтық заңнамаларды, бухгалтерлік есепті жүргізуде әлемдік стандартты оқытудың, оларды практикалық қолданысқа енгізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістердің аймақтық департаменттерінің мамандарының тәжірибесімен алмасу қажеттілігі танылады.
«СОХҚ-ға сәйкес бухгалтерлік есеп. Азаматтық құқық. Салықтар және салық салу» курстарын екі ағымда өткізу кестесі қарастырылған. Әрбір ағым үш кезеңде өткізілетін болады.
Әрбір тақырыпты оқығаннан кейін курсты тыңдаушылар автоматтық режимде тесттер мен емтихан тапсырады. Тыңдаушыларға сауалнама жүргізу жоспарлануда. Тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарын өткізу қорытындысы бойынша сертификат тапсырылатын болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі