Date of publication: 06.08.2015 17:55
Date of changing: 06.08.2015 18:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ  МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

06.08.2015ж.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

ҚР ҚМ МКК WhatsApp қосымшасы арқылы қабылданған экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттардың

алғашқы нәтижелері туралы хабарлады

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі-МКК) республика азаматтарынан экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарды WhatsApp қосымшасы арқылы қабылдау үшін іске қосылған ресми нөмірінің нәтижелеріне арналған брифинг өтті.

WhatsApp-тағы +77001020202 МКК нөмірі өз жұмысын 2015 жылғы 11 шілдеден бастады, және бүгінгі күнге Қазақстанның түрлі қалаларынан  730-дан аса хабарламалар келіп түсті, ең белсенділері Астана мен Алматы қалалары.

Хабарламалардың басым бөлігі, яғни 105 салық мәселелері бойынша көбінесе фискальдық чектерге қатысты. Түскен 117 хабарламалардағы ақпараттар негізінде әрі қарай шаралар қабылданып – ақпараттар МКК тиісті қызметтеріне бақылауға жолданды.

Брифинг барысында кері байланыстың осы құралын қолдану арқылы алғашқы шынайы нәтижелер айтылды.

Кеден мәселелері бойынша 4 хабарлама, экономикалық тергеу қызметінің жұмысы бойынша 6 азамат хабарласқан.

Алайда, МКК нөміріне түскендердің басым бөлігі не ведомоствоның құзыретіне кірмейді немесе ақпарат толық емес, осыған байланысты брифинг барысында WhatsApp қосымшасында МКК ресми нөмірін қолдану ережесі аталды. Қосымшаны пайдаланушыларға МКК нөміріне экономикалық құқық бұзушылықтарға қатысты ақпараттарды ғана жолдау ұсынылады, бұл ретте құқық бұзушылықты толық суреттеп, бұзушыны көрсету қажет (кемінде мекеменің/кәсіпкердің атауы және оның орналасқан жері).

МКК WhatsApp қолданушыларға аталған байланыстың түрі біржақты болып табылатынын ескертеді – нөмірге түсетін хабарламалардың көлемі елеулі болғандықтан МКК қызметіне қатысты сұрақтарға жауап беру үшін немесе тақырыптарға немесе басқа да мәселелерге түсіндірме ұсынуға пайдалануға арналмаған.

Брифинг барысында МКК ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов «Азаматтардан WhatsApp  бойынша түскен ақпараттар салық және кеден заңнамасын сақтауға бақылауды арттырады және сонымен қатар республиканың экономикалық қауіпсіздігін нығайтады» - деп атап өтті.

МКК мақсатты хабарламалар тәуекелді басқару жүйесіне енгізілетінін немесе олар бойынша шұғыл шаралар жүргізілетініне, ал барлық расталған құқық бұзушылық фактілері бойынша тергеу жүргізіліп, заңға сәйкес өндірулер салынатынына кепілдік береді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі