ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2015 жылғы 30 қыркүйекте КазТАГ ақпараттық агенттігінде жарияланған аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін пара алу күдігі бойынша ұстау туралы ақпаратқа қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) мынаны хабарлайды.
2015 жылғы 28 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының екі орынбасары Астана қаласының ІІД УҰИ ұсталды және қамалды. Қазіргі уақытта тергеу мүддесінде істің егжей-тегжейлі мән-жайы жариялауға жатпайды.
Сонымен қатар, Комитет Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметшісі 300 АҚШ доллар мөлшерінде пара алуы күдігімен ұсталғанын растайды.
Аталған фактілер бойынша Астана және Алматы қалалары бойынша МКД қызметтік тергеулер тағайындалды және жүргізілуде, нәтижесі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар белгіленген тәртіпте Қазақсан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатын болады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетініне назар аударамыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде Комитет сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу бойынша, оның ішінде лауазымды тұлғалардың тұрғындармен тікелей байланысын шектеуге, әкімшілік рәсімдерді регламентациялауға және автоматтандыруға, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатқанын хабарлау орынды деп пайымдаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тұрғыдан өзінің беделін түсіретін қызметкерлерден тазарту және өз қатарымызда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, ағымдағы жылғы 9 ай ішінде Комитеттің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған 232 сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 150 (немесе 65%) өз күшімізбен анықталды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі