Date of publication: 02.10.2015 10:57
Date of changing: 02.10.2015 10:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттілікті одан әрі нығайтудың және қазақстан демократиясын, оның ішінде құбылыс сияқты сыбайлас жемқорлықты сөзсіз жоюмен дамытудың форматын айқындады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік шаралары сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасының құрылуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық кеңістіктің қалыптасуын және ең алдымен алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүргізілуін көздейтін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітумен елеулі толықтырылды.

Стратегияның ережелерін іске асыру мақсатында, құқық қолдану практикасын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету жөніндегі  2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Жоспарда сыбайлас жемқорлықтың әлемдік көзқарасын қалыптастыру, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын құру жолымен сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді механизмінің жұмыс істеуін, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен қатар, Жоспарда, сыбайлас жемқорлық жоспарында сыбайлас жемқорлық көріністерге ықпал ететін жағдайлар мен факторларды жоюға бағытталған ең қауқарсыз әкімшілік және құқықтық рәсімдерді регламенттейтін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына негізгі өзгерістерді енгізу қарастырылған.

Жоспарда көрсетілген іс-шаралар кешені ҚР ҚМ МКК https://kgd.gov.kz/ru ресми сайтында орналастырылған.

Сондай-ақ, Комитет, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан құқыққа қайшы қызмет және қорқытып алушылық фактілері туралы сыбайлас жемқорлық сипаттағы ақпарат болған кезде 709865, факс 322087, 709951, 709977 телефондары бойынша Ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгіну қажет екендігін ақпараттандырады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті