
Қазақстанның аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына бағытталған алыс және таяу шет елдерінен жүк ағынының артуына байланысты, соңғы уақытта автокөлік құралдарының айтарлықтай жинақталуынан «Б. Қонысбаев» (ҚР) – «Яллама» (ӨзР) өткізу пунктіне бағытталған жүк ағынының айтарлықтай артуы байқалуда.
А.ж. 18 тамызда екі елдің кеден қызметтерінің бірінші басшылары арасындағы екіжақты кездесуде пропуска «Қапланбек» (ҚР) – «Навои» (ӨзР), «Қазығұрт» (ҚР) – «С.Наджимов» (ӨзР), «Атамекен» (ҚР) – «Сырдарья» (ӨзР) өткізу пункттерінде транзиттік ағынды қайта бөлу турлы келісімге қол жеткізілді, өйткені осы өткізу пункттерінде сондай-ақ тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген халықаралық мәртебесі бар.
«Б. Қонысбаев» (ҚР) – «Яллама» (ӨзР) өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы тек транзитпен ғана өтетін жүктер өткізілетін болады.
«Б. Қонысбаев» өткізу пунктінен жоғарыда аьалған өткізу пункті арасындағы арақашықтық 60-тан 120 км құрайтынын еске саламыз («Атамекен» (ҚР) өткізу пунктіне дейін - 60 км, «Қапланбек» ( ҚР) өткізу пунктіне дейін – 90 км, «Қазығұрт» (ҚР) өткізу пунктіне дейін – 120км).
Осыған байланысты, Өзбекстан Республикасына кіруге бағытталған жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары көрсетілген өткізу пункттері арқылы кедергісіз өткізілетін болады.
Автокөлік құралдарының одан әрі жинақталуының пайда болуын болдырмау және халықаралық автотасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайларды құру үшін, барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға, мүдделі ұйымдар мен халықаралық тасымалдаушыларға көрсетілген өткізу пункттеріне автокөлік құралдарын қайта жолдауды сұраймыз.