
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
13.10.2015 ж.
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Жыл сайынғы Жаһанды бәсекеге қабілеттілік бойынша есептің «Кедендік рәсімдердің қиыншылығы» индикаторы бойынша Қазақстан өз позициясын 22-орынға жақсартты
Қыркүйек айының аяғында Дүниежүзілік экономикалық форум кезекті рет Жаһанды бәсекеге қабілеттілік бойынша есептілікті жариялады. Толығырақ: http://reports.weforum.org/global-competitiveness-report-2015-2016/competitiveness-rankings/.
Осы жылы Қазақстан «Кедендік рәсімдердің қиыншылығы» индикаторы бойынша 55-орынға көтеріліп, өткен жылғы орнын 22-орынға жақсартты. (2014 жылы 77-орын). Аталған индикатор бойынша Қазақстан 56-орын алған Қытайдың алдына шықты. Сондай-ақ Қазақстан Еуразия экономикалық одаққа мүше елдердің арасында озып тұр: Ресей (88-орын), Қырғызстан (97-орын) және Армения (105-орын) (Белоруссия рейтингке қатыспайды).
2015 жылғы зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы 2015-2016 жылғы бәсекеге қабілеттілік рейтингінде өзінің өткен жылғы позициясын 8 орынға жақсартып әлемнің 140 елінің арасында 42-орынға ие болды. Ұлттық талдау орталығының деректері бойынша бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингке қатысқан кезден Қазақстаның үздік нәтижесі екенін көруге болады. Жаһанды бәсекеге қабілеттілік индексінің 114 индикаторы бойынша Қазақстан 73 индикаторды жақсартты, 30 индикатор бойынша төмендеген, 11 индикатор бойынша өзгеріс жоқ. 5 индикатор бойынша рейтинг 20 орынға жақсарған.
Рейтингтегі орын |
Ел |
Балдар |
55 |
4,2 |
|
56 |
4,2 |
|
68 |
4 |
|
88 |
3,6 |
|
97 |
3,5 |
|
105 |
3,5 |
«Кедендік рәсімдердің қиыншылығы» индикаторы бойынша орынды жақсарту соңғы уақытта бірқатар қабылданған мынадай шаралардың тиімділігіне байланысты:
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік органдарды қысқарту қағидаттарын іске асыру;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ғана кедендік бақылауды жүзеге асыру қағидатын іске асыру;
- Онлайн сервисті жетілдіру;
- Міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу және басқалар.
Мемлекеттік кірістер комитетінің пікірі бойынша көрсеткіштердің жақсаруына кедендік бақылауды тек тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жекелеген санаты үшін «Жасыл дәлізді» енгізу әсер еткен. Бұған қоса бұл жетістіктер Комитеттің онлайн сервистерін жетілдірумен және міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізумен байланысты.
2015 жылғы шілдеден бастап біз СЭҚ қатысушыларының санаттауын жүргізуін еске саламыз, яғни жаңа тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес СЭҚ қатысушыларын: СЭҚ-қатысушыларының тәуекелдері төмен, орта және жоғары деп үш санатқа бөлу жүргізілуде. Тәуекел деңгейі төмен СЭҚ қатысушылары оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолданбай «жасыл дәліз» деп аталатынынан өтеді. СЭҚ қатысушыларын санаттау мемлекеттік кірістер органдарының және сыртқы органдарының СЭҚ қатысушылардың адалдық дәрежесін мінездейтін критерийлер негізінде СЭҚ қатысушылардың қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен жүзеге асырылады. Аталған критерийлер сыртқы экономикалық қызметті бағалауға ғана емес, сонымен қатар СЭҚ қатысушылардың елдің ішіндегі әрекетін сипаттауға бағытталған, мысалы, төленетін салықтардың көлемі туралы ақпарат пайдаланылады.
2015 жылғы шілдеден бастап СЭҚ қатысушыларын санаттау механизмін енгізу нәтижесінде, ТБЖ-нің тиімділігі 2014 жылмен салыстырғанда үш есеге өсті, сондай-ақ оларға қатысты тәуекелдер бейіні іске қосылған тауарларға арналған декларациялардың үлесі үш есеге қысқарды, ал ТБЖ ұсынысы бойынша жүргізілген тексеріп қараулардың үлесі екі есе дерлік қысқарған.
Қосымша ақпараттар үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуларыңыздар.