Date of publication: 30.10.2015 17:28
Date of changing: 30.10.2015 17:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

                                                                      30.10.2015ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу барысы туралы баяндады

2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшылығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасына қатысты. Алқа барысында Комитет төрағасы Д.Е. Ерғожин стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу барысы туралы баяндамасымен сөз сөйледі.

Ағымдағы жылғы 9 ай ішіндегі бюджеттің кіріс бөлігін орындау шеңберінде мемлекеттік бюджеттің түсім жоспары 100,3% (жоспар - 3 179 млрд. теңге, іс жүзінде -  3 187 млрд. теңге, асыра орындау - 8 млрд. теңге) орындалды, жергілікті бюджет бөлігінде жоспар  102,4% (жоспар - 1 092 млрд. теңге, іс жүзінде - 1 119 млрд. теңге, асыра орындау - 27 млрд. теңге) орындалды; республикалық бюджет бөлігінде орындау 99,1% (жоспар - 2 087 млрд. теңге, іс жүзінде - 2 069 млрд. теңге, орындамау - 18 млрд. теңге) құрады.

Баяндамада сондай-ақ өткен кезең ішінде бюджетке салықты және басқа да міндетті төлемдерді өз еркімен төлеу коэффициентінің өскені аталып өтті.

«Экономикалық ахуалдың және іскерлік белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, оң нәтижелерді де атап өтуге болады – ішкі өндіріс тауарларына арналған ҚҚС түсімі (іс жүзінде және қайтару) 637,7 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,8% артты. Бұл ретте қайтарылған ҚҚС сомасы 498,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 33%-ға жоғары. Сондай-ақ бересі деңгейінің төмендегенін аңғару қажет - 1 қазандағы жағдай бойынша 19,3%-ға немесе 22,6 млрд. теңгеге төмендеді және 94,9 млрд теңгені құрады» - деп Д. Ерғожин баяндады.

Баяндамасын жалғастыра отырып, Комитет төрағасы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша жұмыстың жағдайын айтты.

Д. Ерғожин сөз соңында, Комитеттің бастамалары «Нұрлы Жол» Бағдарламасын, және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға негізделгенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі жұмыс нәтижелерін мақұлдап, Комитеттің бастамаларын қолдады. Комитет төрағасының баяндамасына Бақыт Сұлтанов өз сөзінде бизнесті қолдау, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша жұмыстың жалғастыруын тапсырды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметінің pressa@mgd.kz электрондық мекен-жайына хабарласа аласыздар.