Date of publication: 03.11.2015 18:07
Date of changing: 04.11.2015 17:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

03.11.2015ж.

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы  ағымдағы жылғы 2-4 қараша аралығында Астана қаласында «Трансферттік бағаны қалыптастырудың теориялық негіздері. Трансферттік баға белгілеудегі Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарын өткізуде.

Семинардың басты мақсаты салықтық тексеруді жүргізу практикасын жақсарту үшін трансферттік баға белгілеу мәселелерінде мемлекеттік кірістер органының аумақтық департаменттері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.  

Аталған іс-шараға «ПрайсуотерхаусКуперс Такс энд Эдвайзори» және «Thomson Reuters» ЖШС-ның өкілдері, сондай-ақ Орталық аппараттың және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысуда.                                          

Семинар барысында трансферттік баға белгілеу мәселелері бөлігінде салық салу базасын бұзуға және салық салудан қашуға қарсы іс-қимыл бойынша ДЫЭҰ әрекет ету бағдарламасы, практикалық тапсырма бойынша топтық жұмыс, трансферттік баға белгілеуге талдау жүргізу техникасы, қазіргі заманғы теориялық және практикалық шолу жүргізілетін болады.

Біліктілігін арттыру курстарының қортындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі