Date of publication: 04.11.2015 16:35
Date of changing: 04.11.2015 17:08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

04.11.2015ж.

                                          Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылғы 3-5 қараша аралығында Астана қаласында «Уақытты басқару және қызметтік қатынас этикасы» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарын өткізуде.

Осы шараны өткізу Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  №131 бұйрығымен бекітілген 2015 жылға қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған жоспарда қарастырылған.

Оқу процесінде case-study, қазақстандық шынайы жобаларды талқылау, үздік үлгілерді қарау және талдау, тәжірибе алмасу мен өзара кеңес алу және басқа да оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.

Негізгі әдістер: шағын-лекциялар, тестілеу, топтық талқылау, шағын топтағы жұмыс, мини-презентациялар, талқылау және кейстерді талдау.

Дәріс оқушылар ретінде шақырылады:

- Серекбаева Людмила Ильинична - сертификатталған бизнес-тренер, мамандығы «Басқарушылық коучинг», «Харизма» оқыту және дамыту орталығының басшысы.

- Дүйсембаев Айқын Шәмшіденұлы - «Қасиет» психология орталығының директоры, жоғары оқу орындарында психология оқытушысы, Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарында психолог.

Шақырылған сарапшылар  менеджмент, қоғамдық қатынастар,  ұйымдастырушылық басқару, персоналды басқару, келіссөздер әдістері, жанжалдарды шешу, имиджді және іскерлік беделді қалыптастыру, басшының мотивациясын жоғарлату стратегиясы саласында   мамандандырылған.

Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі