Date of publication: 05.11.2015 16:56
Date of changing: 05.11.2015 18:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

05.11.2015ж.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

2015 жылғы 9 айдағы Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс қорытындысы туралы хабарлады

Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құқық қорғау блогі Экономикалық тергеу қызметі ретінде өткен жылғы қарашадан бастап жұмыс істейді және негізгі мақсаты мемлекет пен бизнестің экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады.

Қызметтің алдына мынадай стратегиялық бағыттар белгіленген:

  • мемлекетке залалды нақты өндіру;
  • азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу;
  • кәсіпкерлікті қорғау және бизнеске әкімшілік қысымды азайту.

Қазіргі күні, барлық аталған бағыттар бойынша жұмыс жасауға құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған.

Қабылданған шаралар негізінде а.ж. 9 айда 8 377 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелсе, 2 295 іс өндіріспен аяқталып, 1 654 іс сотқа жолданды.

Қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 67,7 млрд. теңгені құраса, 32,8 млрд. теңге өндіріліп, 8,7 млрд. теңге сомасына мүлікке тыйым салынған. Залалды өндіру үлесі, тыйым салыған мүліктерді ескере отырып, өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 44,8% қарағанда 61,5% құрады.

Қызметтің жұмысы негізсіз тексерулерді болдырмауға және Тәуекелдерді басқару жүйесіне өтуге, қылмыстық қудалауды ерекше жағдайларда жүргізу арқылы бизнестің дамуына жағымды жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану ықтимал жалған кәсіпорындарды тіркеу сатысында анықтау үшін кешенді алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс бойынша 1 922 жалған кәсіпорын анықталды және оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, сонымен қатар жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуі мен олардың жасаған мәмілелерін жарамсыз ретінде тану туралы сотқа 343 талап енгізілді.

Қаржы министрлігінің басқа да бөлімшелерімен, оның ішінде Қаржы мониторингі бойынша және Қаржылық бақылау комитеттерімен өзара тығыз қатынас реттелді.

Бюджеттік қаражаттарды жұмсау тиімділігіне бақылау күшейтілді: мемлекеттік сатып алулар саласында 370, квазимемлекеттік секторда 475 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды.

 

Басқа басым бағыттарда да жақсы нәтижелер бар. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша өндірісте 269 қылмыстық іс болып, 2,9 млрд. теңге сомасына залал өндірілді, 1,4 млрд. теңге сомасына мүліктерге тыйым салынды. Сондай-ақ ішімдік өнімдерінің көлеңкелі айналымын қысқарту бойынша шаралар қабылданды: 11 жасырын цехтар анықталды, 6,6 млн. қолдан жасалған есептік-бақылау маркалары, 6,3 млн. бөтелке есепке алынбаған ішімдік өнімдері, 186 мың литр спирт алынды.

Сонымен қатар, ақшаны қолдан жасау өндірісі бойынша 7 жасырын цех қызметінің жолы кесіліп, жалпы сомасы 9,9 млн. теңгеге 2,8 мың қолдан жасалған ақша купюрлары заңсыз айналымнан алынды.  Осылайша, қолдан жасалған ақшалардың одан әрі таралуына жол берілмеді және мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етілді. Заңсыз есірткі заттарының айналымы саласында 66 қылмыс тіркелді, 158 кг. героин алынып, 2013 және 2014 жылдарды қоса алғандағы көрсеткіштерден асып түсті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі