
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
12.11.2015ж.
Мобилдік қосымшалар көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға ықпал етеді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) жоғары тиімділікті басқару жүйесімен клиентке бағдарланған қызмет бола отырып, бүгінгі күні күрделі мәселелерді және көлеңкелі экономика көріністері туралы ақпаратты алу үшін тұрғындармен кері байланыстың барлық қол жетімді тиімді құралдарын қолдануға талпынуда. Комитеттің Тәуекелдерді басқару жүйесі үшін ақпарат көзінің бірі мобилдік қосымшалар болып табылады.
ҚР азаматтарынан экономика саласындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер қабылданатын +77001020202 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне, сондай-ақ Комитеттің Facebook ресми аккаунтына келіп түседі.
Барлығы Комитетке ведомствоның құзыретіне қатысты 1100-ден аса хабарлама келіп түсті. Оның ішінде хабарламаның 67% фискалдық тәртіп бұзушылықтармен, яғни фискалдық чектің берілмеуімен, сондай-ақ төлем картасын қабылдаудан бас тартумен байланысты. Сондай-ақ хабарламалардың басым пайызы сауда ережелерінің бұзылуы туралы ақпараттарды қамтиды.
«Бұл хабарламалардың барлығы Тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізіледі. Әрі қарай Жүйе қабылдаған шешім бойынша бақылау іс-шаралары жүргізіледі. Мәселен, 374 тексеру бақылау – кассалық машиналарын қолдану тәртібін сақтауға және 125 тексеру POS-терминалдардың бар немесе жоқтығына қатысты жүргізілді», - деп нақтылады Комитеттің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов.
Мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ азаматтардың заңсыз алкоголь өнімін анықтауға арналған Wipon мобилдік қосымшасын пайдалану нәтижелері бойынша бақылау іс-шараларын жүргізуде. «Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда заңсыз алкоголь өнімінің айналымы саласында Тәуекелдерді басқару жүйесі шығарған шешімінің негізінде 89 рейдтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 33 694 бөтелке мөлшерінде алкоголь өнімі тәркіленді», - деп хабарлады Ж. Сұрағанов.
Сондай-ақ, бүгін Комитеттің тағы бір байланыс арнасы жарияланды: біздің мемлекетіміздің азаматтарының мүддесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы, Беларусь Респуликасындағы (Минск, Брест қалалары), Ресей Федерациясындағы (Мәскеу, Санкт-Петербірг қалалары), Корея Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы, Түрік Республикасындағы және Бельгия Корольдігіндегі Кеден қызметінің өкілдіктері Facebook-те өздерінің аккаунттарын ашты. Аталған әлеуметтік желіде өкілдіктер өз қызметі туралы Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуде ықпал етуге дайын.
Комитет қазақстандықтарды азаматтық позицияларын белсенді көрсетуге және заманауи байланыс құралдары мен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес үшін мобилдік қосымшаларды пайдалануға шақырады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі