Date of publication: 13.11.2015 14:37
Date of changing: 13.11.2015 14:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

13.11.2015ж.

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен ағымдағы жылғы 11-13 қараша аралығында Алматы қаласында «Қызметтік қатынас этикасы және уақытпен басқару» тақырыбында біліктілігін арттыру курстары өтуде.

Оқу процесінде case-study, қазақстандық шынайы жобаларды талқылау, үздік үлгілерді қарау және талдау, тәжірибе алмасу мен өзара кеңес алу және басқа да оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.

Негізгі әдістер: шағын-лекциялар, тестілеу, топтық талқылау, шағын топтағы жұмыс, мини-презентациялар, талқылау және кейстерді талдау.

Дәріс оқушылар ретінде шақырылады:

- Серекбаева Людмила Ильинична - сертификатталған бизнес-тренер, мамандығы «Басқарушылық коучинг», «Харизма» оқыту және дамыту орталығының басшысы.

- Дүйсембаев Айқын Шәмшіденұлы - «Қасиет» психология орталығының директоры, жоғары оқу орындарында психология оқытушысы, Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарында психолог.

Шақырылған сарапшылар  менеджмент, қоғамдық қатынастар,  ұйымдастырушылық басқару, персоналды басқару, келіссөздер әдістері, жанжалдарды шешу, имиджді жән іскерлік беделді қалыптастыру, басшының мотивациясын жоғарлату стратегиясы саласында   мамандандырылған.

Біліктілігін арттыру курстарының қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіледі.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі