ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Ағымдағы жылғы 10 - 13 қараша кезеңінде Оқу-әдістемелік орталығы Ақпараттық технология басқармасымен бірлесіп ҚР ҚМ МКК Орталық аппаратының және ЭТҚ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық-процестік кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің жаңа редакциясын қолданудың теориясы мен практикасы» тақырыбында ҚР ҚМ МКК 500-ден аса қызметкерін бейнеконференция арқылы бір уақытта оқытумен семинар өткізуде.
Дәріскерлер ретінде:
- «Жаңа ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде мәні бойынша айыптау, айыптан қорғау, істі шешу функциялары; ҚР Қылмыстық-процестік кодекс бойынша үкім шығарылғанға дейін мүлкін тәркілеу» деген дәрісімен ҚазМЗУ ҒЗИ қылмыстық-процессуалдық зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл директоры Қоғамов Марат Чекишевич;
-
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясын қолданудың теориясы мен практикасы» деген дәрісімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығының директоры Борчашвили Исидор Шамилович;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің новелласы: Жалпы бөлім; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Ерекше бөлімінің негізгі жаңалықтары және құқық қолдану практикасының кейбір мәселелері» деген дәрісімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығы директорының орынбасары, з.ғ.д., доцент Тукиев Аслан Сұлтанұлы;
- «Жаңа Қылмыстық кодексті қабылдаудың алғышарттары, оны 1997 жылғы Қылмыстық кодексімен салыстыру, Жалпы бөлімнің негізгі тұжырымдамалық жаңалықтары, Қылмыстық кодекстің жаңа баптары, экономикалық қылмыс үшін жазалаудың ерекшеліктері, жаза жүйесіндегі жалпы өзгерістер және жаңа жазалар туралы» деген дәрісімен Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның Департамент бастығының орынбасары, Қылмыстық кодекс бойынша сарапшы Аяғанова Арман Қаиргелдинқызы;
-
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің процессуалдық тәртібі, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды тергеу тиістілігі бойынша беру мәселелері» деген дәрісімен Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы Зұлхаиров Ренат Базирұлы шақыртылды.
Оқыту процесінде семинар қатысушыларына ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімге көрсетілген кодексті практикалық тұрғыдан қолдануға қатысты сұрақтарды http://www.l-p.kz/about/ask.php сілтемесі бойынша орналастыру және барлық толғандырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі берілді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі