
Құрметті салық төлеушілер!
2018 жылдың 30 қараша күні Астана қаласы уақыты бойынша сағат 22:00-де «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің жаңартылуы өтеді. Маңызды өзгерістердің бірі ретінде жүйенің функционалдық мүмкіндіктерінің кеңейтілуі анықталған, осыған орай жүйе жаңа бірегей интерфейске алмастырылады.
Жүйенің жаңа интерфейсінде Виртуалды қойма модулінің бар екендігі бұл модульді қолдану міндетті екендігін меңземейді. Виртуалды қойма арқылы жұмыс жасауға міндетті тауарлар тізімін https://kgd.gov.kz/ru/content/virtualnyy-sklad-1 сілтемесі арқылы табуға болады. Жүйенің жаңа интерфейсі өзінің web-пайдаланушыларына көбірек қосалқы мүмкіндіктер ұсынады.
API-сервис арқылы жұмыс жасау үрдісі еш өзгеріске ұшырамайды, оған қоса ЭШФ сыртқы жүйелерден импорттау форматтары сақталған.