Date of publication: 16.11.2015 17:56
Date of changing: 25.11.2015 14:05

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ЕАЭО тыйым салулар мен шектеулерді қолдану

Кедендік бақылау шеңберінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғауда, тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін үлкен маңызы бар.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 101-бабының 3-тармағында тыйым салулар мен шектеулерге Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын тарифтік емес реттеу шаралары (оның ішінде енгізіліп жатқан барлық ерекшеліктерден шыға отырып, сыртқы қаржылық ережені қорғау және біржақты тәртіпте төлем теңгерімінің тепе-теңдігін қаматамсыз ету), техникалық реттеу шаралары, экспорттық бақылау шаралары және әскерге арналған өнімдерге қатысты шаралар, сондай-ақ санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантинді фитосанитариялық шаралар және радиациялық талаптар жататыны айқындалған. 

«Тыйым салулар мен шектеулерді кедендік бақылау бөлігінде қолдану әртүрлі тауарлар мен заттардың заңсыз өткізілуінің жолын кесуге бағытталған, және оларды бұзушылық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», - екенін айтты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов.

Е. Әбдірахманов сондай-ақ кедендік бақылау шеңберінде тыйым салулар мен шектерулерді сақтау бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының бақылаушы және атқарушы функцияларын атап өтті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі