Date of publication: 16.11.2015 20:14
Date of changing: 17.11.2015 15:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

2015 жылғы 10-12 қараша кезеңінде Үрімші қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңы кеден органдары басшыларының жыл сайынғы кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында өткен кезең ішіндегі жұмыс қорытындысы мен кеден ісі саласындағы қазақ-қытай қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланды.

Жалған алушыларды пайдаланумен экономикалық контрабанданың өсу үрдісін, жосықсыз сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жалған тауарға ілеспе құжаттарын ұсынатынын есепке ала отырып, кездесу қатысушылары құқық қорғау саласында ынтымақтастықты белсендіру бойынша шараларды айқындады.

2016 жылғы үшінші тоқсанда есірткі және психотроптық заттардың, флора және фауна, қарулар мен оқ дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың контрабандасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша арнайы іс-шаралар жүргізу жоспарланды.

2015 жылғы 16 қарашадан бастап  «Қорғас» (ҚР) - «Хоргос»(ҚХР) және «Достық» (ҚР) - «Алашанькоу» (ҚХР) өткізу пункттерінде деректерді online режимінде алмасу бойынша эксперимент іске қосылады.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде 2016 жылы бірлескен спорт іс-шараларын өткізу бойынша жұмыстар белсендірілетін болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті