ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2015 жылғы 11 қарашада Үрімші қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қатысуымен Қытай Халық Республикасының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өкілдерімен форум өтті.
СЭҚ қатысушыларына кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай құру шеңберінде Қазақстан Республикасының шекара маңы кеден органдарының басшылары кедендік ресімдеу мәселелерін түсіндірді, ҚР кеден заңнамасындағы жаңалықтар жарықтандырылып, шекара маңы ынтымақтастықтың проблемалық мәселелері талқыланды.
Іс-шараға ҚХР аумағында тіркелген 50-ден аса экспорттаушы-компаниялар қатысты. Осындай іс-шара Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары үшін 2014 жылғы қарашада Алматы қаласында өткізілетін болатын.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі