
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің жаңа нормалары күшіне енеді
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін («жедел тасымалдаушылар») жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары күнтізбелік 1 айдың кезеңінде бір жеке тұлғаның атына 500 еуроны және 31 килограмды құрайтын болады.
Белгіленген нормадан асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 30 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек.
Мысалы, бағасы 600 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілімі жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 30%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 30%-дық) немесе жіберілімінің құны 500 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баждармен салынады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)