Date of publication: 26.11.2015 17:11
Date of changing: 26.11.2015 18:46

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есепті ұсынды

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 53 түрін -  33 қызмет салықтық бағыт бойынша, 19 қызметі кедендік бағыт бойынша және 1 қызметті экономикалық тергеу қызметі көрсетеді. Салықтық бағыттағы 25 қызмет баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетіледі. 53 қызметтің 65%-ы электрондық түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары 2015 жылдың 10 айы ішінде  13 816 130 мемлекеттік қызметті көрсетті, оның ішінде электрондық түрде – 11 141 238 немесе 81%, қағаз түрінде – 2 674 892 немесе 19%.

2015 жылғы қаңтардан бастап «Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шотттар» ақпараттық жүйесі (ОБЖШ АЖ) енгізілді. ОБЖШ АЖ енгізу жеке шоттардың жүргізуін есепке алу бойынша бизнес-процесті оңайлатуға мүмкіндік берді. ОБЖШ АЖ енгізу шеңберінде 2015 жылғы шілдеде салықтық және кедендік төлемдер бойынша бюджеттік сыныптама кодтарына (БСК) қысқартулар жүргізілді. 208 БСК-дан 119 БСК немесе 57% астамы қысқартылды. БСК қысқарту барлық мемлекеттік органдардың жұмысын елеулі оңтайландыруға, ақпараттық жүйелердегі жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. 2015 жылғы шілде-қазан кезеңі ішіндегі нәтижеде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төлемдердің саны 10,0 млн.-нан 8,0 млн.-ға дейін немесе 20% қысқартылды. Есепке жатқызулар (қайтарулар) саны 1,0 млн.-нан 600 мыңға дейін немесе 40%-ға азайды.

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (БКМ) деректерді онлайн режимінде тіркеу және (немесе) беру функциясымен БКМ 21 жаңа моделі енгізілді. Аталған БКМ 2015 жылғы 1 шілдеден бастап бизнестің табысын қашықтықтан мониторингтеу мақсатында қолданылады. Мәселен, бүгінгі күнге өткізілген чектердің жалпы саны – 134,5 млн. болды, яғни 403,9 млрд. теңге сомасын құрады.

«Е-лицензиялау» порталы арқылы электронды нысанда үш кедендік қызмет көрсету - «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру», «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу», «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» бойынша жұмыстар аяқталды.

Мемлекеттік кірістер органдарында сондай-ақ пилоттық жобалар іске асырылуда. Осы жобалардың шеңберінде ағымдағы жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінде Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығына телефон байланысы арқылы келуге бронь жасаған тұлғаларға қызмет көрсету бойынша пилоттық жобалар өткізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде бару уақытына брондаған салық төлеушілердің саны – 815 құрады.

ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсетуі аса сәтті пилоттық жоба болып табылады. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазан айына дейінгі кезеңде ХҚКО қызметкерлері 143928 өтінішті қабылдады. Бұдан басқа, ХҚКО қызметкерлері тікелей ХҚКО ғимараттарында баламалы негізде салықтық бағыт бойынша 6 654 қызмет көрсетті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі