Date of publication: 27.11.2015 17:01
Date of changing: 27.11.2015 17:33

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Кедендік бақылауды және декларациялауды қолданбай жүзеге асырылатын Бірыңғай кедендік реттеу және ол арқылы және ЕАО аумақтары бойынша тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органдарға қолда бар тәсілдерді өзгерту және жаңа шешімдерді іздеу бойынша жаңа серпін береді. 

2015 жылғы 27 қарашада ең алғаш рет Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуынан кейін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының құзыретті органдарының арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында екі жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бірінші жұмыс тобы – екі елдің кеден қызметтері басшылары орынбасарларының төрағалық етуімен орталық аппараты деңгейінде.

Екінші жұмыс тобы – аумақтық органдары басшыларының төрағалық етуімен  шекара маңы аумақтық салық органдарының деңгейінде.

Көрсетілген топтардың  міндеттері жанама салықтарды әкімшілендіру бойынша жағдайларды қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, жанама салықтардың төленуін әкімшілендіру проблемасы төрт бағытта талқыланды:

1. «Қырғызстан-Қазақстан» тауарларының ағынын әкімшілендіру.

2. «Қытай-Қырғызстан-Қазақстан» тауарларының ағынын әкімшілендіру.

3. «Қырғызстан - Қазақстан транзиті - Ресей» тауарларының ағынын әкімшілендіру.

4. Келу елінде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің салықтардың төлеуін әкімшілендіру.

Кездесу қортындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы кеден қызметтерінің өзара сауданы жүзеге асыру кезінде салықтарды төлегені үшін бақылау бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі