ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы «Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының мемлекеттік кірістер органдарында салық қызметін көрсетуі» тақырыбына 2015 жылғы 17 – 30 қараша кезеңінде онлайн семинар өткізуде
Салықтық алымдар мен төлемдер мемлекеттің бюджетін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, себебі кез келген мемлекетке өз функцияларын орындау үшін ақшалай қаражат қоры қажет.
Осы қаражаттан мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламалар қаржыландырылады, мемлекеттің өзінің өмір сүруін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрылымдар ұсталады.
Қазақстан, қазіргі уақытта нәтижеге бағдарланған, стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу жүйесіне көшу мәселесін қарастыратын, нұсқау ретінде бюджеттік процесте стратегиялық жоспарлар әзірлеуде және тиімділік көрсеткіштері пайдалануда және ресурстарды бөлуде жекелеген елдердің тәжірибесін ала алады.
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының алдына қойылған стратегиялық міндеттерді шешудегі маңызды рөл салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына (ХҚКО) ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы өз қызметі туралы есептілікті ұсыну бойынша құқықтары мен міндеттеріне сенімділік пен қол жетімділікке бөлінеді.
Ағымдағы жылғы 17-30 қараша кезеңінде ҚР ҚМ МКК Оқу әдістемелік орталығы: «Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының мемлекеттік кірістер органдарында салық қызметін көрсетуі» тақырыбына біліктілік арттырудың онлайн семинарын ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы қызметкерлерінің кәсіби арттыру, олардың кәсіби этиканың, салық төлеушіге әділ және әділетті қарым-қатынастың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынас және жанжалдарды реттеу саласында кәсіби құзыреттілікті дамыту болып табылады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі