Date of publication: 30.11.2015 14:12
Date of changing: 30.11.2015 14:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2015 жылғы 24 - 27 қараша кезеңінде Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қ.Қожабергеновтің  басшылығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының Анкара қаласына (Түрік Республикасы) сапары болды.

Сапар барысында Түрік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілігімен кездесуі өтті.

25 қарашада Түрік Республикасының Кеден және сауда министрілігінің Халықаралық ынтымақтастық бойынша директоратының бас директорымен екі жақты кездесу өтіп, оның барысында кеден ісі саласында әрі қарай ынтымақтастықтың бірқатар мынадай мәселелері талқыланды:

  • Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының кедендік әкімшіліктері арасында Бірлескен кеден комитетін құүру туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түрік Республикасы Кеден және сауда министрлігінің арасында кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түрік Республикасы Кеден және сауда министрлігінің арасында Уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламаларын тану туралы келісім.

26 қарашада Түрік Республикасы Кеден және сауда министрлігінің Оқу орталығының басшысымен екіжақты кездесу өтіп, оның барысында тараптар екі кеден қызметінің Оқу орталықтарының одан кейінгі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесулер өзара түсіністік және ынтымақтастықты нығайтуға жалпы талпыну ахуалында өтті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі