ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы БҰҰ Сауда және даму конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2015 жылғы 30 қараша-3 желтоқсан кезеңінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында «Шекара маңы елдер арасында кедендік деректермен электрондық алмасу» тақырыбында халықаралық семинар өткізілуде.
Аталған іс-шара ЮНКТАД-тың АСИКУДА жобасы шеңберінде Ауғанстан Ислам Республикасында Дүниежүзілік банктің қамқорлығымен ұйымдастырылды.
Семинарды өткізудің мақсаты нақты уақыт режимінде шекара маңы елдердің кеден қызметтерінің арасында кедендік және транзиттік деректермен алмасу кезіндегі сұрақтарды қарастыру болып табылады.
Дәріскерлер ретінде IT технология мен кедендік әкімшілендіру саласына мамандандырылатын БҰҰ Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) және ЮНКТАД-тың АСИКУДА жобасының сарапшылары қатысады.
Семинар жұмысына Ауғанстан Ислам Республикасының және Тәжікстан Республикасының кеден қызметтерінің IT сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппараты мен шекара маңы аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары қатысуда.
Семинардың қатысушылары нақты уақыт режимінде кедендік және транзиттік деректермен алмасудың практикалық дағдыларын алады, сонымен бірге осы саладағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасады.
Семинар бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының білім деңгейін көтеруге және шекара маңы елдер арасында сапалы кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін кеден (бақылаушы) органдарының одан кейінгі өзара іс-қимылын жасау мақсатында кедендік және транзиттік деректермен электрондық алмасу кезінде пайда болатын күрделі мәселелер бойынша шешімін табуға мүмкіндік береді.
Халықаралық семинардың аяқталуына қарай тыңдаушыларға БҰҰ Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) сертификаттары берілетін болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі