Date of publication: 14.12.2015 13:38
Date of changing: 14.12.2015 13:41

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2015 жылғы 7-9 желтоқсанда Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Байдолда Шалабаев пен Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы Марина Давидовская құрамында Литваның Кедендік оқу орталығымен әріптестік қатынасты бекіту мақсатында Вильнюс қаласына барды.

Кездесу барысында Литваның Кедендік оқу орталығының қызметкерлері директор - Галины Черняускененің басшылық етуімен орталықтың құрылу тарихы, оқытудың арнайы тәртіптерінің және  алғашқы даярлық және біліктілікті арттыру шеңберінде оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру әдістері, түрлері, нысандары мен сабақ беру тәсілдері туралы айтты.

 

 

Байдолда Шалабаев өз тұсаукесерінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының қызметі туралы ұқсас таныстыруды ұсынып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсынысын айтты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Тараптар оқу процесінде оқытудың инновациялық әдістерін қалыптастыру және қолдануда өзара іс-қимылды дамытуға, педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында тәжірибе алмасуға, қаржылық мүмкіндік болған жағдайда кеден қызметкерлерін оқытуға және оқытушы персоналдарды тағылымдамаға қабылдауды жүзеге асыруға, бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кеден ісінің  түрлі бағыттары бойынша дөңгелек үстелдер, тренингтер, семинарлар ұйымдастыруға келісті.

Тараптар қол жеткізген келісімдерді бекітуде, 2016 жылғы 19-20 мамырда Астана қаласында өтетін ДКедҰ Еуропа өңірлерінің Кеден қызметтері басшыларының кездесуінде оқу орталықтарының ынтымақтастығы туралы хаттамаға қол қойылады деп келісті.

2015 жылғы 8 желтоқсанда қазақстан делегациясы Литва Республикасының Қаржы министрлігі Кеден департаментінің Бас директорының орынбасары Алгис Цибульскастың қабылдауында болды, ол кеден органдары қызметкерлерінің білім деңгейін тұрақты көтерудің жоғары маңыздылығын, сондай-ақ кеден қызметтері мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары тарапынан біліктілікті артытру мәселелерін түсіну және қолдау маңыздылығын атап өтті.

 

Сонымен қатар қазақстан делегациясы үшін Литва Республикасының ІІМ Шекара қызметі мектебіне және литва-беларусь шекарасында орналасқан «Мядининкай» өткізу пунктіне таныстыру сапары ұйымдастырылды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі