ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өз қызметкерлері мен жұмысшыларын еңбегі сіңген наградтарымен құттықтайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі өзінің әріптестерін мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан Қаржы министрлігінің жүйесіндегі жұмысшылар мен қызметкерлерге ордендер мен медальдарды табыстады.
Экономиканың дамуына еңбегі мен үлгілі қызметі үшін ҚР ҚМ МКК Сотқа дейінгі тергеу департаментінің директоры Дастан Секенов «Құрмет» орденімен наградталды.
Қылмыспен күресте батылдығы мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» орденімен ҚР ҚМ МКК Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеуші-бас маманы Ерсінәлі Қайыров наградталды.
Экономика және мемлекеттік қызметте жеткен еңбектері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов;
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Іле ауданы бойынша басқармасының басшысы Қайрат Ашуов;
Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Сәуле Нұрғалиева наградталды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының басшысы Рыспек Смақов наградталды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі