Date of publication: 27.07.2020 18:17
Date of changing: 27.07.2020 18:17

Жойылған тауарлардың басым бөлігі - темекі бұйымдары мен бұрын қолданыста болған автокөлік шиналары.

 

Әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын жүк Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен уақытша сақтауға орналастырылған ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу іс-шаралары нәтижесінде анықталды. Олар бойынша жою туралы шешім қабылданды.  

2020 жылдың шілде айында Алматы облысы бойынша МКД заңсыз контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған бұрын ұсталған тауарларды жою жұмыстарын жүргізді.

Хаттамадан кейін 12 тонна көлемінде барлық жүк "Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық оператор" ЖШС аумағында жойылды.