Date of publication: 14.08.2020 18:36
Date of changing: 14.08.2020 18:44

Ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр ішіндегі мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 92,9%, оның ішінде республикалық бюджет 81,9% және жергілікті бюджет 117,2% атқарылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 10,7%-ға (немесе 513,7 млрд.теңгеге) төмендеумен 4 282,0 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 25,9%-ға (немесе 911,1 млрд.теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 30,9%-ға (немесе 397,4 млрд. теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау КТС (24,9%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (24,5%-ға), 3-інші елдерден импортқа ҚҚС (30,7%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (19,0%-ға) бойынша байқалады.

Көрсетілген салықтар бойынша түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеді: ІТӨ-ге ҚҚС (20,7%-ға), КТС (31,8%-ға) және 3-інші елдерден импортқа ҚҚС (7,8%-ға).

Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 38,2%, мырышқа 23,1%, уранға 18,9%, алюминийге 13,1%, мысқа 10,9%, қорғасынға 10,5% бағаның төмендеуі байқалады.

2020 жылғы 7 айда үшінші елдермен тауар айналымы 10,1%-ға төмендеді (экспорт 12,6%-ға, импорт 4,5%-ға). Оның ішінде тауар айналымының 29,2%-ға төмендеуі ағымдағы жылғы шілдеге келеді (экспорт 43,7%-ға, импорт 7,8%-ға).

2020 жылғы 7 айда іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға төмендеді (52 356,0 млрд.теңгеден 45 866,4 млрд. теңгеге дейін).

Республикалық мониторингтің ірі салық төлеушілері бойынша сату бойынша айналымдар 20,2%-ға төмендеді.

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 32,5% - ға төмендеді (29,5 млн.теңгеден 19,9 млн. теңгеге дейін).

Коронавирустың таралуы ҚХР-мен көлік құралдары санының 16,7%-ға, оның ішінде автокөлік құралдарының 51,8%-ға төмендеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-шілде ішінде импорттың іс жүзіндегі көлемі 27,7%-ға төмендеді (1 214 мың тоннадан 878 мың тоннаға дейін).

Соның салдарынан, ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 10,9%-ға немесе 21,7 млрд. теңгеге азайды.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде ЕАЭО елдерінен бөлінген баждар 15,4% - ға (185 млрд. теңгеден 156 млрд.теңгеге дейін), оның ішінде а.ж. шілдеде 21,5% - ға төмендетілді.

Ағымдағы жылғы 7 айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 117,2% орындалды, 247 млрд.теңгеге атық орындалды.

ЖБ-ға салық түсімдері 1 682 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға (немесе 397,4 млрд.теңгеге) өсті.

Жергілікті салықтар бөлігінде артық орындау КТС (28,7%), ЖТС (20,8%) және әлеуметтік салық (16,0%) бойынша байқалады.

ЖБ жоспарының артық орындалуына КТС-ты жергілікті бюджеттерге беру және 2020 жылғы 2-тоқсанда орташа айлық жалақының 13,7%-ға өсуі әсер етті.