
2021 жылғы 1-3 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті Транзит басқармасымен бірлесіп «Жолаушыларға профиль жасау, психология және профильдеу» тақырыбында Polycom БКБ, сондай ақ Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей көрсетілім арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс - шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің есірткі алушыларды анықтауда профильдеу әдістерін қолдану, профильдеуді ұйымдастыру, профиль жұмысының ерешеліктері саласындағы құзіретін арттыру.
Қатысушылар профильдеу әдісін құру тарихымен, профильдеу тұжырымдамасымен, есірткі курьерінің психологиялық портретімен, профильдеу әдісін қолданылуымен, есірткі затын іш құрлысында тасымалдайтын адамдарды анықтауда профильді қолданудың әдістерімен таныстырылды.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның модераторы-дәріскері ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов қатысты.
2 ақпанда сағат 10.00-де қашықтықтан оқытуда қатысушылар үшін дәріс оқылды.
Дәріскер ретінде:
- ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының бас маманы Ктанов Ермек Советкажиевич қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 119 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.