Date of publication: 18.03.2021 19:20
Date of changing: 18.03.2021 19:26

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға 18.03.2021 жылы Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 22:00-ден 19.03.2021 жылға дейін «Электрондық шот-фактуралар» АЖ жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді.

Жүйені жаңарту «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар», «Виртуалды қойма» модульдерін оңтайландыру мақсатында жүргізіледі:

  • «Сыра және сыра сусындары» G4 бөлімінде «Литр» өлшем бірлігін пайдалану тәртібі. «Саны (бөтелкелер, банкалар, кегалар, қаптамалар, литрлер)» өрісіне өлшем бірлігі үшін үтірден кейінгі үш таңбаны көрсету мүмкіндігі қосылды;
  • Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде тауарды қайтаруға ТІЖ ресімдеу «ТІЖ растау талап етілмейді»  деген хабарлама алынып тасталды және «Алыс-Беріс шикізатын қайта өңдеу»  деген белгімен қайта өңдеушінің қоймасына қайтаруына ТІЖ ресімдеу кезінде қайта өңдеушінің қайтаруына ТІЖ растау мүмкіндігі қосылды;
  • СЕН(салық есептілігінің нысаны) 328.00-ді ВҚ-дан тауарды есептен шығарғаннан кейін импорттық ТІЖ-мен салыстыру тетігін оңтайландыру. 328.00 СЕН-ны импортқа ТІЖ-мен салыстыру мүмкіндігі импорттаушының ВҚ-мен немесе СТ-мен(салық төлеушімен) тауарларды тізбек бойынша ішінара немесе толық есептен шығарғаннан кейін қосылды.
  • ПИН-кодтарды пайдалану бөлігінде «Өндіріс» нысанын оңтайландыру. ПИН-кодының өндірушіге тиесілі екендігін тексеру қосылды, өндіріс түрінде сіз өндірушіге тиесілі ПИН-кодты ғана таңдай аласыз (ПИН-код анықтамалығында ПИН-кодтың иесін көре аласыз);
  • Оператордың атына ТІЖ ресімдеу механизмін оңтайландыру. F1. Шарт (келісім-шарт)  бөлімінде 46.«Нөмір» және 47.«Күні» өрістері шеңберінде жолдарды толтыру және B бөлімінде белгілердің болуы бөлігінде тексеру қосылды. 48.нөмірі және 49.күні жолдарын толтырған кезде С. Алушының деректемелері бөлімінде белгілердің болуы (Бірлескен қызметке қатысушылар немесе Өнімді бөлу туралы келісім).

Көрсетілген уақыт аралығында  «Электрондық шот-фактуралар» АЖ қолжетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!