Date of publication: 25.03.2021 11:32
Date of changing: 25.03.2021 11:34

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сот шешімдеріне қатысты жариялымдарға түсініктеме берді

 

Мәмілелерді жарамсыз деп тану нәтижесінде 2019-2020 жылдары мемлекеттік бюджетке 7 228 млн.теңге салық өндірілген, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 

Салық органдары қызметінің басым бағыты салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет басшысы көлеңкелі экономиканы төмендетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Көлеңкелі айналымның құрамдас бөліктерінің бірі салықтан жалтару үшін "бір күндік" фирмалармен мәмілелер жасау.

Бұл бағытта салық органдары жалған шот-фактураларды рәсімдеудің жолын кесу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, цифрлық технологиялардың белсенді дамуын ескере отырып, әртүрлі ақпарат көздері пайдаланылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, ақпаратты интеллектуалды талдау жиынтығы жоғары ықтималдығы бар салық органдарына "бір күндік"компанияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Сотқа талап арызды жібермес бұрын мәміле жасасудың барлық мән-жайлары зерттеледі, тауарларды тасымалдау шарттары, жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған еңбек ресурстары мен мамандандырылған техниканың, оның ішінде қосалқы мердігерлік ұйымдардың болуы талданады. Қағаз бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан фактілер анықталуда, бұл ретте "мердігердің" құрылыс жұмыстарына арналған жұмысшылары да, арнайы техникалары да жоқ.

Мұндай фактілерді қашықтықтан анықтау ЭШФ енгізілгеннен кейін мүмкін болды, банктердің қолма-қол ақшаны беру және шетелге аудару туралы мәліметтері қосымша талданады, қоймалардың, лицензиялардың, материалдардың түсуі, тіркелген техника және т.б. тексеріледі.

Осылайша, мәмілелердің жалғандығына дәлелдер тек ЭШФ деректеріне ғана негізделмейді, шаруашылық операциялар барлық мән-жайлардың жиынтығыда талданады.

Нәтижесінде, егер 2018 жылы сот органдары 571 талап арызды қанағаттандырса, 2019 жылы (барлық ҚҚС төлеушілердің ЭШФ міндетті түрде жазып беруге көшуіне байланысты) бұл көрсеткіш 4 есеге дерлік өсіп, 1999 талап арызды құрады.

Мысалы, құрылыс материалдарын сату жүзеге асырылатын жағдайлар анықталауда, ал жеткізуші халық тұтынатын тауарларды (киім, шаруашылық тауарлар және т.б.) сатып алды. Мұндай сәйкессіздіктер жалған мәмілелер жасау қаупін айқын көрсетеді.

Сот органдары барлық ұсынылған дәлелдемелерді зерделеп, бағалағаннан кейін, әдетте, салық органдарының талаптарын негізді деп таниды және тиісті шешімдер шығарады. Бұл 2019-2020 жылдары мемлекеттік бюджетке 7 228 млн.теңге салық өндіріп алуға мүмкіндік берді.

«Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану 2019-2020 жылдары директорлары оларды құруға қатысы жоқ 526 компанияны анықтауға көмектесті, талап арыз бергеннен кейін соттардың мемлекеттік тіркеуі жойылды», - деп хабарлады МКК-де.

Осылайша, соттар салық органдарының осы салық төлеушілердің заңсыз қызметіне деген күдіктерінің негізділігін растады. Бұл дегеніміз, бұл компаниялар салықты төмендету үшін пайдаланған клиенттерге жалған құжаттарды ресімдеу үшін жасалған.

Салық кодексіне сәйкес жалған шот-фактуралар шығыстарға жатқызылмайды, яғни сатып алушылар жіберілген бұзушылықтарды жоюға және салықтарды есептеуге міндетті, тиісінше салықтарды қайта есептеу жүргізілмейді.

Салықтық тексерулер жүргізу кезінде шаруашылық операцияларын олардың жасалу мәніне егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі, егер компаниялардың басшылары жасалған мәмілелердің жалғандығын танитын болса, өткізу бойынша айналымдар расталмайды. Мәселен, 2020 жылы салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша қызметін жүзеге асырмайтын, бірақ шот-фактуралар жазып берген 59 компания анықталды.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, салық төлеушілер контрагенттерді таңдағанда абай болуы керек», - деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.