
2021 жылғы 16 – 18 наурыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Экспорттық бақылау басқармаcымен бірлесіп «Виртуалды қойма» модулінде тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібі тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің «Виртуалды қойма» модулінде тауарларды есепке алуды жүргізу сұрақтары бойынша құзіретін арттыру.
Пилоттық жобаның мақсаты - туарлардың қозғалысын автоматты түрде бақылау.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
17 наурыз күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы тікелей эфирмен дәріс оқылды.
Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде:
Намазбаева Асель Наслкановна - ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің экспорттық бақылау басқармаcы басшысының орынбасары қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 86 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.




























