
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға 25.03.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 26.03.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
ТІЖ алушының мекен-жайына қойма идентификаторын көрсетпей «Бөлшек сатушы» санатымен кері қайтарып алған кезде «Қоймадағы тауар жеткіліксіз» қатесін жою мақсатында жүйені жаңарту жүргізіледі.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!




























