Date of publication: 05.04.2021 11:25
Date of changing: 05.04.2021 11:24

Көлеңкелі экономикаға қарсы күресті және тауарлар қозғалысының бүкіл тізбегіндегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу Пилоты жүріп жатыр. Пилот кезінде 
айыппұлдар мен басқа санкциялар қолданылмайды.
       Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Пилоттың міндеті - осы процеске қатысатын барлық жүйелерді қалпына келтіру.
      Салық төлеушілердің көптеген өтініштері бойынша Пилоттың мерзімі:

акцизделетін тауарлар бойынша - 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

ЕАЭО-дан әкелінетін/ЕАЭО-ға әкетілетін тауарлар бойынша -2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

виртуалдық қойманың тауарлары бойынша - 2021 жылдың 1  қарашасына дейін кейінге шегеріледі.

ДСҰ-ның Алып қою тізбесіндегі тауарлар және цифрлық таңбалау қолданатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады.

«Мемлекет басшысының кешегі тапсырмаларын орындау мақсатында Пилот осы жылдың 1 қазанына дейін ұзартылады», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.