Date of publication: 17.04.2021 13:21
Date of changing: 17.04.2021 13:21

            Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде

    «Алматы-адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе ашылды

      

 

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Нығмеджан Сапаров және Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Алматы – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Айнұр Сәбитова, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі "Алматы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуына қатысты.

Осы жобалық кеңсенің ашылуы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекет пен халық арасында сындарлы диалог орнату болып табылады.

Бұл жобаның негізгі бағыты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту. Осыған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні жоба, мемлекет пен қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіретін бірегей алаң болып табылады.

Сонымен қатар, Медеу ауданы бойынша МКБ жобалық кеңсесінің ашылуы кездейсоқ емес. Дәл осы Медеу ауданы Алматының ірі қаржы секторы болып табылады және бүгінгі күні қаланың барлық салық түсімдерінің 30% – ға жуығын (РБ – 30,6%, ЖБ-23,4%) немесе 545 млрд теңгені қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы және "Алматы – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы мобильді "дөңгелектегі кеңсе" жұмысымен танысты. Мобильді "доңғалақтағы кеңсе" Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық және консультациялық көмекті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мобильді шағын автобустар жалпыға бірдей декларациялаудың 1-кезеңін енгізу шеңберінде белсенді пайдаланылуда. Белгіленген бағдарламалар декларацияны қабылдауға және консультация өткізуге мүмкіндік береді ("салық төлеуші Кабинеті" сайты, "электрондық үкімет" порталы және "E-salyq azamat" мобильді қосымшасы, ҚР БСАЖ, СЕӨС, ЦУЛС бағдарламалары).