Date of publication: 13.05.2021 00:01
Date of changing: 13.05.2021 00:02

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Мамандығы бойынша біліктілігі: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Тұран университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласында салық органдары жүйесінде бастап, онда түрлі лауазымдарда ұзақ уақыт жұмыс жасаған. 2020 жылы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған.