Date of publication: 17.05.2021 19:08
Date of changing: 17.05.2021 19:11

Алматы қаласында стрит-арт стилінде жаңа сурет пайда болды

 

Алматы қаласында стрит-арт стилінде жаңа сурет пайда болды. 3D-Мурал Мақатаев көшесі 53 үй мекен-жайы бойынша, Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан. Алматы қаласының орталығы, жанында орталық мәдениет және демалыс саябағы, қаланың орталық базары орналасқан жанданған орындардың бірі.

3D-муралдың тақырыбы - "Салық-болашаққа инвестиция". Қыз бейнесі және «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшаның логотипі бар көлемді 3D-мурал, Алматыда балалар бейнесі бар сүйікті муралдар сериясының жалғасы екені сөзсіз.

Болашақтың символы ретінде кішкентай қыздың бейнесі алынды. Ол экспозицияның ортасында бейнеленген. Қыз түрлі – түсті фигуралардан үй салып, ол фигураларда "салық-болашаққа инвестиция"деген жазу орын тапқан. Кішкентай қыздың бейнесі жас мемлекетті және біздің балаларымыздың болашағы көп жағдайда салықтарға байланысты екенін  көрсетеді. Кішкентай қыз салған түрлі-түсті текшелерден тұратын үй тұрақтылық пен болашаққа деген сенімділікті білдіреді.

Қыздың көйлегіне түрлі-түсті әріптермен сурет түрінде Алматы қаласы бойынша МКД-нің Instagram-дағы "@dgdalmaty" ресми аккаунты жазылған. Бір қарағанда, жазу көзге түспейді және адамды бейсаналық түрде бүкіл муралды қайта қарауға ынталандырады. Осы арқылы, ол халық санасында өз орнын табады.

3D -муралдың жоғарғы оң жақ бұрышында көтерілген телефон түтігі және байланыс орталығының нөмірі бейнеленген, ол мемлекеттік кірістер органдарымен тұрақты байланысты білдіреді. Текшелерден салынып жатқан үйдің төбесінде ҚР ҚМ МКК «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының логотипі бейнеленген, ол жеке тұлғаларға салықты өз бетінше төлеуге мүмкіндік береді.

Қабырға бетіндегі 3D-Мурал, әр азамат үшін электрондық қызметтер арқылы салық төлеу принципін еске салып, өз кезегінде қаланың жарқын безендірілуі болып табылады.

Осылайша, 3D-муралдың барлық мағыналық жүктемесі азаматтарды «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы салық міндеттемелерін ерікті және уақытылы орындауға, байланыс орталығы арқылы консультациялар алуға және Instagram-дағы ресми аккаунтқа жазылуға шақыру.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, цифрландыру тақырыбын кездейсоқ қозғаған жоқ. Өздеріңіз білетіндей, көптеген мемлекеттік кірістер органдары халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қолайлы және қолжетімді орта құру, сондай-ақ электрондық сервистер арқылы қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізуде.