Date of publication: 27.07.2016 16:36
Date of changing: 27.07.2016 16:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ  МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз-релизі

Экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік рәсімдерді өткен кезде «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде (бұдан әрі – Комитет) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 38-қадамы - экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік рәсімдерді өткен кезде «бірыңғай терезе» қағидатын енгізуді іске асыруға арналған брифинг өтті.

Сөз басында Комитеттің басқарма басшысы Жанат Шаимов экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік рәсімдерді өткен кезде «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу сауда рәсімдерін оңайлату бойынша мақсатқа қол жеткізуге арналған озық құралдар болып табылатынын атап өтті.

Комитеттің сарапшысы «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» бұл ең бірінші барлық бақылаушы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жүйесі екенін атап өтті, ол:

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында берілген лицензиялар мен рұқсат қағаздар туралы мәліметті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» деректер базасымен интеграциялауды;

Комитетте ақпараттық жүйелерді енгізу кезінде экспорттық-импорттық операциялар үшін «бірыңғай терезе» қағидаты талаптарының толық сақталуын;

«электрондық үкімет» төлем шлюзімен, Ауыл шаруашылық министрлігінің «бірыңғай автоматтандырылған жүйесімен», Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді басқару жүйесімен», Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерімен ұйымдастыру-техникалық байланыстыруды қамтамасыз етеді.

Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде Комитет «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» механизмін іске асыру үшін қажетті кешенді іс-шаралар жүргізуде. Жұмыстың нәтижесінде «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» механизмі барлық тауарларды жеткізу тізбегінің мүдделі тұлғаларды тіркеген сәттен бастап тауарлар шығарылғанға дейін және кейіннен оның қызметін тексеруге дейінгі барлық кезеңдерде мүдделі тұлғаларға қызмет көрсетудің кең ауқымын ұсынуы тиіс деп күтіледі.

Қорытындылай келе Жанат Шаимов, осындай механизм Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасу үшін қолданылатынын айтты. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп «ұлттықтан жоғары бірыңғай терезені» құру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде. Аталған жұмыс шеңберінде «Бірыңғай терезе» механизмін дамытудың негізгі бағыттарын» (Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен бекітілген) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz

электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.