Date of publication: 30.09.2021 16:03
Date of changing: 30.09.2021 16:31

«Кіріс» декларациясында жылжымайтын мүлік, әуе және теңіз кемелері, суда жүзетін кемелер туралы, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер туралы, Қазақстан Республикасындағы банк шоттарындағы ақша туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне берешегі туралы мәліметтерді көрсету міндеті алып тасталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Мұндай мүлік туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарында бар, сондықтан жеке тұлғаларға бұл мәліметтерді толтыру ауыртпалық түсірмейді.

Декларацияда 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолда бар активтер мен міндеттемелер туралы мынадай мәліметтерді көрсету қажет:

- шет мемлекетте тіркелген не тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша 1000 еселенген АЕК-тен асатын сомадағы ақша;

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

- инвестициялық алтын;

- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

- 10 000 АЕК шегіндегі сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;

- нотариат куәландырған шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат болған кезде дебиторлық немесе кредиторлық берешек (ЕДБ алдындағы берешекті қоспағанда);

«Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде жеке тұлға қалауы бойынша осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) 1000 АЕК-тен асқан жағдайда өзге мүлікті көрсете алады», - деп толықтырды
Ж. Іңкәрбаев.