Date of publication: 14.10.2021 18:49
Date of changing: 14.10.2021 18:44

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға   14.10.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 15.10.2021 жылдың 02:00 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Жүйені жаңарту "тауар балансын анықтау бойынша айналым-сальдолық шот" есебін қалыптастыру бойынша "Виртуалды қойма"модуліне жаңа функционал қосу мақсатында жүргізілетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!