Date of publication: 21.10.2021 19:07
Date of changing: 22.10.2021 14:47

АҢДАТПА!

 

«Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылдың 22 қазанда сағат 17:30-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикерлер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас сарапшысы Камиева Жанат Каркеновна және сарапшы Манапова Айнура Бахтибайкызы сөз сөйлейді.

Спикерлер бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі, оның ішінде түбіртектерді қандай жағдайда беру керек, түбіртекте қандай ақпарат болуы керек екендігін айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 22 қазанда сағ. 11:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz