
Қосымша Play market-те жүктеу үшін қолжетімді. МКК-да қосымшаны App store және AppGallery-ге орналастыру өтініміне жауап күтуде. Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымша пилоттық жоба шеңберінде тек екі өңірде – Ақмола және Жамбыл облыстарында іске қосылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Бұл ретте қосымшаның өзін және оның функционалын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі. Функционалдың бір бөлігін кәсіпкерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен тұратын фокус-топ тексеруден өткізді. Барлық ескертулер мен ұсыныстар қаралды және оларды іске асыру жоспары жасалды. Кейбір бөліктеріне пысықтаулар жүргізілді, басқаларымен жұмытар жүргізілуде. Қосымшамен жұмыстар жүргізу жалғасуда.
Екінші кезең екі өңірде жүргізілген пилот болып табылады. Осы өңірлердің кәсіпкерлеріне қандай функционал қолжетімді?
Пилот шеңберінде қосымшаға барлық кәсіпкерлер үшін қол жетімді емес. Пилотқа ДК ретінде тіркелген және патент пен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар ғана қатыса алады.
Сондықтан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлға мобильдік қосымшаны пайдалану үшін қосымшаны жүктеп алғаннан кейін, онда ДК ретінде тіркеу сервисін таңдап авторландырудан өтуі тиіс.
Ол үшін қажетті деректемелерді (қызмет түрлері, ДК орналасқан жері – кәсіпкерлік қызметті басым жүзеге асыратын орын, салық режимін таңдау) толтыру қажет.
Енді, осындай айтарлықтай оңайлатылған рәсімді жүзеге асыру үшін қызметтің басталғаны туралы хабарламаны беру үшін elicence порталына жеке кірудің немесе оны ХҚКО арқылы ұсынудың қажеті жоқ. Бұл процедура, оның қосымшадағы қол жетімділігі, ыңғайлылығы тестілеуден өткізіледі, пилот шеңберінде жетілдіріледі.
Пилоттық жобаның қолданысын қосымшаны пайдалану бойынша 2022 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын қолдануға жылдың соңына қарай кәсіпкерлер мен қосымша дайын болуы үшін қараша айында басқа өңірлерге кезең-кезеңімен қолдануды жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі күні пилоттық жобасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам дара кәсіпкерлер МП қолданады.