Date of publication: 08.11.2021 16:43
Date of changing: 08.11.2021 17:01

АҢДАТПА!

«Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

2021 жылғы 9 қарашада сағат 10:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік»  тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасы басшысының орынбасары Төлегенов Нұрлан Мәулітұлы сөз сөйлейді.

Спикер қандай жағдайда жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы және заң бұзушылық орын алған жағдайда қандай айыппұл төленетіні туралы  айтып береді.

 

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 8 қарашада сағ. 18:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz